«Дүниетануды оқыту теориясы
мен технологиясы» пәнінен «050102-«Бастауыш оқыту педагогикасы мен
әдістемесі»
мамандығының студенттері
үшін лабораториялық сабақтарға арналған
Кіріспе
Бастауыш мектептің маңызы мен
қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі
басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең
алдымен, оқушының жеке тұлға тұрғысында
қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды,
қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді. Осыған
байланысты интеллектуалдық, эмоционалдық, іскерлік жағынан
оқушыны айналадағы дүниемен «табиғатпен, басқа
адамдармен, өз-өзімен, т.б.» өзара белсенді
әрекеттестік қарым-қатынасқа даярлау бастауыш
мұғалімінің негізгі міндеті.
Дүниетануды оқыту үшін
болашақ маман оның алдымен теориялық негізі жаратылыс
ғылымдарынан білім алып, сонан соң осы білімді балаларға
сапалы үйрету технологиясын меңгеру қажет. Алайда, білім
мазмұны жаңарған уақытта дүниетануды оқыту
әдістемесі негізінде жазылған оқу-әдістемелік
құралдары жеткіліксіз. Сондықтан лабораториялық сабақтарды
өз деңгейінде ұйымдастыру студенттер үшін өте
қажетті білім алу көзі болып табылады.
Курстың мақсаты. Болашақ
мамандарды бастауыш класс оқушыларына өзін қоршаған
ортадан ғылыми білім беріп, оларды дамыту мен тәрбиелеуді
жүзеге асыруға дайындау. Бастауыш мектепте дүниетану
пәнінің білімділік және тәрбиелік мүмкіндігін
ашып көрсету. Қоршаған ортаны оқыту процесінде
барлық табиғат құраушы элементтер және
құбылыстар, олардың бір-бірімен үйлесімділігін жете
білу, экологиялық тәрбие беру. Сабақ жүргізудің
тиімді әдістері мен тәсілдерін үйлесімді етіп таңдай
білуге үйрету.
Курстың міндеттері:
-студенттерге табиғат әлемінің
біртұтастығын үйрету әдістемесін меңгерту;
-табиғатты құраушы элементтерді
жан-жақты зерттеу, олардың құрылысын, көп
түрлілігін, тіршілік әрекетін, таралуын және экологиясын
түсіндіру;
-табиғат элементтерін қорғау
жұмыстарын ұйымдастыруды үйрету;
-табиғат зерттеушілермен, оның
әдістемесінің даму кезеңдерін меңгерту;
-дүниетану пәнін оқыту
әдіс-тәсілдерін, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру
жолдарын үйрету;
-өлкетану материалдарын
ұғындыру.
Осы жоғырыдағы мақсаттар мен
міндерттерге сапалы жету үшін практикалық сабақтарды өз
деңгейінде ұйымдастыру маңызды орын алады.
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Лабораториялық сабақтың
мақсаты - нақты практикалық тапсырманы орындау
процесінде студент білімі кеңейеді және тереңдейді, өз
бетінше ойлану, қорытындылау, шығармашылықпен жұмыс
орындау белсенділігі артады, сондай-ақ орындаған
жұмыстарының қорытындысын талдау біліктілігі,
жан-жақтылық қабілеттері қалыптасады. Болашақ
мамандарды бастауыш класс оқушыларына өзін қоршаған
ортадан ғылыми білім беріп, оларды дамыту мен тәрбиелеуді
жүзеге асыруға дайындау. Сабақ жүргізудің тиімді
әдістері мен тәсілдерін үйлесімді етіп таңдай білуге
үйрету.
Лабораториялық сабақтың
міндеттері:
-студенттердің шығармашылық белсенділігі
мен өзбетінше жұмыс жасай білуін дамыту;
-студенттердің ғылымға
және ғылыми зерттеулерге деген қызығушылығын
кеңейту;
-пән бойынша тақырыптарға
сәйкес білімді пысықтау, тереңдету, кеңейту;
-пәннің теориялық материалдарын,
концепцияларын практикалық әдіс-тәсілдермен талдай білуге
үйрету;
-нақты тапсырмаларды орындау барысында
қазіргі жаңа технологияларды, ғылыми-техникалық
әдістерді пайдалану білігі мен дағдысын қалыптастыру;
-нақты тақырып бойынша қажетті
әдеби-оқу құралдары көздерімен жұмыс жасау және
оларды талдай білу;
-тәжірибе көрсету сабақтары,
табиғатқа бақылау жүргізу, экскурсия ұйымдастыру
сабақтарының әдістемесін үйрену.
-сабақ жоспары мен конспектісін даярлау
әдістемесін меңгеру;
-сабақ талдау әдістемесін
үйрену.
Сабақтың мазмұны
Лабораториялық
сабақтардың тақырыбы
Модуль 1
1.1. Жаңа бағдарлама
мен оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендері, олардың
ролі, маңызы
1.2. Дүниетану пәнінің мазмұнының ерекшелігі:
өлі табиғат пен тірі табиғат байланысы; адамның
органикалық дүниедегі орны, адамның қоғамдағы,
отбасындағы орны, қоғамдағы байланыстар.
1.3. Оқушыларды
жан-жақты тәрбиелеудегі оның тұлғалық
қасиеттерін дамытудағы оқу пәнінің
мазмұнындағы мүмкіндігін көрсету.
1.4. Шығармашылық, сын тұрғысынан ойлай білу,
әр түрлі жұмыс нысандарын ұйымдастыра отырып,
дүниетанымдық ұғымды қалыптастыру: сезімдік,
логикалық, абстрактылы ойлауға бағыттау
1.5.Алғашқы ұғымдардың біртіндеп
ұғымдар жүйесіне ауысуын қалыптастыру.
1.6. Оқыту әдістері
мен тәсілдерін тиімді таңдау.
1.7. Оқыту технологиялары, оларды пайдалану
жолдары.
Модуль2.
2.1. Дәстүрлі сабақтар, олардың ерекшелігі.
Сабақ құрылымы.
2.2. Сабақ типтері: кіріспе, қорытынды, топсеруен,
сарамандық, зертханалық, аралас, заттық сабақтар,
олардың ерекшеліктері
2.3. Дәстүрлі емес сабақ түрлері: ойын, пікірталас,
т.б. сабақ түрлері, олардың маңызы, өткізу
әдістемесі.
2.4. Оқушылардың білімін пайдалана отырып, тірі табиғат
мүйісінде, мектеп жанындағы учаскеде орындалатын тапсырмалар,
тәжірибелер, бақылаулар жүргізу.
2.5. Жеке, топпен, сыныппен өткізілетін жұмыс түрлері.
2.6. Көрнекіліктерді кешенді түрде пайдалану
мүмкіндіктері. Техникалық құралдармен жұмыс
2.7. Бағалауға қойылатын критерийлер, оларды жүйелі
түрде есепке алудың тиімділігі.
2.8. Кіші комплектілі мектептерге арналған бағдарламалар.
Сабақ түрлері.
Сабақты жүргізу формалары
1. Түрлі тапсырмаларға талдама жасау;
2. Жеке жоба құрастыру, оны талдау;
3. Қосымша әдебиеттермен жұмыс
жасау;
4. Тақырыптық сабақ жоспарын,
оны ұйымдастыру жүйесін даярлау.
Қысқаша теориялық мазмұны
«Дүниетануды оқыту теориясы мен
технологиясы» пәнінің теориялық мазмұнына жаратылыстану
негіздері циклінен алған білімдеріне сүйене отырып дүниетану
пәнін оқытуға қажетті педагогикалық,
әдістемелік білім мен білікті қалыптастыру жолдары; табиғат
құрылымдары және олардың өзара байланысы мен
алуан түрлілігі және табиғи құбылыстар мен
олардың белгілі заңдылықтары жайлы біліп, оны
оқушыға жеткізе білуге технологиясы; оқулықтың
тұтас мазмұны, ұғымдар жүйесін,
сабақтардың оқу-тәрбиелік мақсаттарын дұрыс
анықтау; мемлекеттік стандарттар мен пәндік бағдарламалармен
жұмыс; табиғат сұлулығын сезіне, тани білуге және
оны қорғай білуге баулу; оқу процесінде баланың
қызығушылығын, өздігінен үйрену, танып білу
белсенділігін арттыру мақсатында жүргізілетін оқу жұмыс
формалары және оларды ұйымдастыру жолдарын үйрету;
оқушыға берілетін білім, білік жүйесін
«адам-табиғат-қоғам» блоктарымен жүйелі меңгерту
жолдарының әдістемесі; пәндік ерекше көрнекіліктер
жүйесі және оларды қолдан даярлау техникасын меңгеру
кірістірілген.
Студенттердің сабақтарға дайындығына
әдістемелік ұсыныстар:
-берілген тапсырма бойынша студенттерде толық конспекті болу;
-әдістемелік оқу - құралдармен жұмыс істей
білу;
-дискуссияға студенттердің белсенді қатысуын
қамтамасыз ету.
-жұмысты орындаудан бұрын тапсырмасымен және оның
мақсат -міндеттерімен танысу;
-жұмыс бойынша тапсырманы орындау үшін теориялық
материалдарға дайындалу, меңгеру;
-сабаққа белсенді қатысу, тапсырманы толық орындау
керек;
Сабақтың жүргізу реті
Лабораториялық сабақтарды жүргізу реті мен жалпы
ережесіне сәйкес ұйымдастырылуы тиіс. Айталық:
- лабораториялық сабақ пән
бойынша оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес
жүргізіледі және ұйымдастырылады;
- лабораториялық сабақтар міндетті түрде
әдістемелік нұсқау бойынша жүргізілуі тиіс;
- лабораториялық сабақтар қажетті оқу
құралдарымен және ақпаратты-анықтама
құралдарымен толық қамтамасыз етілуі керек;
-сабақтың өту барысы мен жүргізілуін
мазмұндау;
-студенттің сабаққа дайындығын тексеру;
-сабаққа қажетті
құрал-жабдықтардың түгел болуын қамтамасыз
ету;
-жекелей тапсырма бойынша жұмыс істеу;
-тапсырма қорытындысын талдау және тұжырымдама жасау;
-жеке тақырып бойынша сабақ жоспары, силлабустағы
тапсырмаларға сәйкес дайындалған жобаларын толық
жабдықталған түрінде тапсыру, әдістемелік
тұрғыда түсіндіре білу.
Лабораториялық сабақтарға тапсырмалар
№1 - лабораториялық сабақ
Тақырыбы: Жаңа бағдарлама мен
оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендері, олардың
ролі, маңызы.
Мақсаты: Жаңа
бағдарлама мен оқулықтарды талдау, сәйкестігі мен
ерекшеліктерін анықтау.
Қажетті
құрал-жабдықтар: Схема, оқулықтар, оқу-әдістемелік
құралдар, әр кезеңге орай
құрастырылған әдістемелік құрал
үлгілері.
Лабораториялық сабақты өткізу әдісі мен формасы: Сарамандық, Іздену, әңгімелесу, тұжырымдау, дискуссия.
Сабақтың
теориялық мазмұны:
А.Я. Гердтің пікірінше, бастауыш мектепте
жекелеген жаратылыс ғылымын оқып білуге орын жоқ,
табиғатты зерттеп, танып білуге кешенді тұрғыдан келу
қажет, яғни біріккен пән түрін енгізу керек дегенді
насихаттайды. Оның «Құдірет әлемі» оқулығы
мен «Заттық сабақтар» деп аталатын әдістемелік
құралдары көп жылдар бойы өлі табиғат курсын
оқып-үйренуде мұғалімнің негізгі
әдістемелік көмекшісі болып келді. Өзінің
әдістемелік еңбектерінде А.Я.Герд бірқатар идеялар
ұсынады. Айталық; 1. Практикалық сабақтар мен
экскурсияларда баланың өзіндік белсенді әрекетін тудыра білу;
2. Мектептің тірі табиғатпен байланысын кеңейту; 3.
Табиғатты танып білу үшін тікелей зерттеу жүргізу; 4.
Бастауыш кластарда табиғатты зерттеуге кешенді тұрғыдан келу;
5. Оқушылардың эволюциялық көзқарасын
қалыптастыру. А.Я Гердтің осы сияқты көптеген идеялары
мектеп практикасында көп жылдардан соң, яғни тек біздің
уақытта кең қолдау тапты.
Д.Н.Кайгородовтың бағдарламасы
табиғи бүтін бірлестікті зерттеуден тұрды. Ол мынадай алты
бірлестікті көрсетеді: орман, дала, бақ, шалғын, тоған және
өзен. Әр бірлестік алғашқы үш класта жыл мезгілі
бойынша қарапайымнан күрделіге қарай оқытылуы тиіс
болды және жаратылыстануды оқытудың негізгі тәсілдері
экскурсиялар мен фенологиялық бақылаулар деп санады.
Д.Н Кайгородов жаратылыс ғылымдарының
ғылыми жүйелі білімі қажет дегенді теріске шығарды.
Сондықтан педагог ғалымдар оның бағдарламасына
қарсы болды. Содан кейінгі жаңа бағдарлама авторы Петербург
университетінің профессоры, зоолог В.М.Шимкевич болды.
Лабораториялық
сабақты жүргізу талаптары:
-берілген тапсырма бойынша студенттердің эссе
немесе толық конспекті дайындауын қадағалау;
-әдістемелік құралдармен жұмыс істеу;
-дискуссияға барлық студенттердің белсенді қатысуын қамтамасыз ету;
Сабақтың барысы: Бақылау сұрақтары
негізінде студенттердің теориялық білімдері тексеріледі.
Төмендегі сұрақтар төңірегінде талдау
жүргізу:
Орындайтын тапсырмалары:
1-тапсырма.
В.М.Шимкевичтің бағдарламасы және оның мазмұнын
қазіргі таңдағы бағдарлама мазмұнымен салыстыр.
2-тапсырма. Бастауыш кластарға арналған мемлекеттік
білім беру стандарттын талдау.
3-тапсырма. Дүниетану
пәнінің бағдарламасын талдау, оқулық
мазмұнымен салыстыру.
4-тапсырма.
1-класс дүниетану оқулығының мазмұнын талдау.
Оқулықтағы «адам-қоғам-табиғат» блогы
бойынша тақырыптар мен берілетін білім деңгейі қандай?
Сабақты
қорытындылау:
Конспекті жазу және дискуссияға қатысу белсенділігі, тапсырмаларының
орындалу дұрыстығы бойынша бағалау.
№ 2 - лаборатоиялық
сабақ
Тақырыбы: Дүниетану
пәнінің мазмұнының ерекшелігі: өлі табиғат
пен тірі табиғат байланысы; адамның органикалық
дүниедегі орны, адамның, қоғамдағы,
отбасындағы орны, қоғамдағы байланыстар.
Мақсаты: Бастауыш мектеп дүниетану
оқулығының мазмұнымен танысу.
Қажетті
көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: Бастауыш кластарға арналған
мемлекеттік стандарт, дүниетану пәніне арналған мектеп
бағдарламасы, дүниетану оқулығы (1-4 сыныпқа
арналған), әдістемелік көмекші құралдар,
сөздіктер.
Лабораториялық сабақты өткізу әдісі мен формасы: Іздену, тұжырымдау, талдау,
сарамандық.
Сабақтың
теориялық мазмұны:
Жоғарыдағы білімнен басқа,
оқушылар белгілі бір дағдыларды меңгеруі тиіс:
- табиғи обьектілер мен жасанды заттарды,
тірі және өлі табиғат обьектілерін ажырата білу, оларды
сипаттау;
- өсімдіктер мен жануарлардың негізгі
топтарын, оларды айыра білу; әртүрлі табиғат зоналардың
өсімдіктері мен жануарларын тану; сол өлкенің
ауылшарушылық өсімдіктерін, жануарларын; бөлме
өсімдіктеріне күтім жасау, түрлі тәсілдермен
көбейту жолдарын меңгеру;
- табиғатқа өз бетінше
бақылау жүргізу; қарапайым тәжірибе жасай білу;
қарапайым зертханалық аспаптар, құрал-жабдықтар-
мен жұмыс жасай білу, қолдана білу;
- белгілі бір жерде бағдар жасау, картаны
сауатты пайдалана білу,
тұсбағдармен жұмыс жасай білу;
- өз өлкесінің негізі пайдалы
қазбаларын білу;
- жеке бас гигиенасының ережелерін білу, оны
орындау; зақымданған кезде қарапайым көмек
көрсету;
- табиғатты қорғау жөнінде
шамасы келген жұмысты орындай білу.
Сабақты жүргізу
талаптары:
-Берілген тапсырма бойынша студенттерде
бағдарлама, оқулық мазмұнын салыстыра дайындаған
жаттығуларының болуын қадағалау;
-әдістемелік құралдармен жұмыс істеу;
-дискуссияға барлық студенттердің белсенді қатысуын қамтамасыз ету.
Сабақтың барысы:
Бақылау
сұрақтары негізінде студенттердің теориялық білімдері
тексеріледі. Сонан соң 1-4
класс дүниетану оқулығы
бойынша топпен жұмыс жасауға мүмкіндік жасау. Студенттер
өздерінің таңдаған оқулығының
мазмұнын бағдарламамен салыстыра үш блок бойынша талдау,
пікірталасқа дайындық жасау.
Орындалатын тапсырмалары:
1-тапсырма.
2-класс оқулығы мазмұнын талдау.
2-тапсырма.
3-класс оқулығы мазмұнының үш блок бойынша
берілетін білім, білік, дағды деңгейі?
3-тапсырма.
4-класта үш блок бойынша берілетін білім, білік, дағды
деңгейі бойынша қандай өзгерістер бар?
4-тапсырма.
Әр класс оқулығындағы адам блогының
мазмұнының берілу деңгейі қандай?
Сабақты
қорытындылау:
Талдамаларының дұрыстығы,
оқулық мазмұнының талапқа сай ашылуы және
дискуссияға қатысу белсенділігіне орай бағалау.
№ 3-практикалық
сабақ
Тақырыбы: Оқушыларды жан-жақты
тәрбиелеудегі оның тұлғалық қасиеттерін дамытудағы оқу
пәнінің мазмұнындағы мүмкіндерді көрсету..
Мақсаты: Дүниетану пәні арқылы
берілетін тәрбие нышандары және олардың пәндік
ерекшеліктерін меңгеру.
Қажетті
көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: сабақ жоспарының
үлгілері, кодоскоп, слайдтар, көркем суреттер.
Лабораториялық сабақты өткізу әдісі мен формасы: Іздену, тұжырымдау, сарамандық.
Сабақтың
теориялық мазмұны: Табиғаттағы обьектілер мен құбылыстарды танып білу
деген баланың логикалық ойлауына жол ашатын өте
құнды материалдар болып
табылады. Осы тұрғыда жаратылысты танып білу кезінде
жүргізілетін түрлі әдістер барысында балаға тек білім
ғана беріліп қоймай жан-жақты тәрбие беріледі.
Әрбір сабақтың оқытудан тәрбиелік мәнді
болуы бірінші кезекті, яғни оқу мен тәрбиенің
тұтас жүйе екендігі белгілі.
Оқушылардың адамгершілік
қасиеттерін, дұрыс мінез-құлықтарын
қалыптастыру арнайы жарияланбаған. Ол құрамдас
бөліктері мен әртүрлі әдістері арқылы іске асып
отырады. Бұл қағиданы дұрыс түсініп,
жүрегімен қабылдаған әрбір мұғалім өз
сабақтарының әрбір тәрбиелік функциясын өз
бетінше-ақ ұйымдастырып отырары сөзсіз, әрі міндетті.
Әрбір сабақ талдау арқылы жүруі шарт. Талдау –
бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында мұғалім әр баланың
көңіл-күйін бақылауға, ой-пікірін
байқауға, яғни интелект деңгейін анықтай алады.
Адами құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында
беріледі. Өйткені өзгенің басындағыны өз басында
өткізгендей етіп қабылдауы баланың болашағын
аңғаруына, айналасындағылардың іс-әрекетін
түсінуге, ой елегінен өткізіп, сезінуіне ықпал етеді.
Тәрбие дегеніміздің өзі де ең алдымен баланың
сезімін оятып, әсершілдігін дамыту. Сезімді тәрбиелеу, яғни
баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға
жақсылық ететін құлық-қасиеттерден рахат,
қуаныш табуға баулу деген сөз.
Дүниетану сабақтары
тәрбиенің қайнар көзі, тәрбиенің кешенді
ошағы болып табылады. Әрбір дүниетану сабағы
патриоттық, ұлтжандылық, эстетикалық, адамгершілік,
экологиялық, еңбекке баулу, санитарлы-гигиеналық
тәрбиенің бастауы.
Пән мазмұны қазіргі
заманғы ғылыми білімнің, мәдениеттің
әртүрлі салаларынан (қоғамдық және
жаратылыстану ғылымдары, экономика, этика, эстетика,
құқық, өнер, т.б.) хабардар ету негізінде
дүниені танып білу әдістерімен (бақылау, тәжірибе,
эксперимент, модельдеу, талдау, синтез, салыстыру, т.б.) оқушыны
қаруландыру арқылы оның ортамен сауатты
қарым-қатынасын жан-жақты дамытып, тәрбиелеуді
жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Шығармашылық әрекет арқылы
шығармашылық қабілеттер қалыптасады, әрі
қарай дамиды. Шығармашылық ойлау деп ойдың
жылдамдығы, икемділігі, тапқырлығы, дәлдігі болып
табылады. Мұндай қасиеттер балада туа біткен қабілеті мен
түрлі тапсырмалар орындау барысында дамиды.
Бала бойындағы осындай
қасиеттердің бірі байқампаздық.
Байқампаздық - бала бойындағы дамудың
психологиялық компоненті болып табылады. Оқушы салыстыра отырып білетіні-
мен білмейтінін логикалық байланыстырады. Байқау-талдау, салыстыру
арқылы жүзеге асады. Байқау қоршаған ортамен
байланысу деген сөз. Ол қарау, қабылдау, терең
үңілу, зер салу арқылы іске асады.
Бастауыш кластарда дүниетану пәнін
оқытудың басқа пәндерден негізгі ерекшелігі
баланың жеке басының сапалы дамуы, сапалы өзгеруі осы
дүниетану пәнін оқытудың түрлі формаларын
нәтижелі ұйымдастыру барысында жүзеге асады.
Дүниетану сабағында
диалектикалық көзқарас қалыптастыру үнемі
бірізділікпен, яғни табиғат элементтерінің бір-біріне
байланысты құбылыстар сырына үңілу.
Дүниетанымдық көзқарас оқушыларға бірден
беріле қоймайды, ол ұзақ, үздіксіз берілетін оқу
- тәрбие негізінің жемісі. Мұғалім ең алдымен
органикалық дүниені, яғни әлем немесе табиғатты
құраушы элемент атауларын, қасиеттерін, ерекшеліктерін
және оның орны, пайдасы мен зияндылығы жайлы
мағлұмат беруі, олардың байланысы мен болмысы, тіршілік
жағдайы, ортасы, өзгерісі, жойылуы немесе басқа түрге
өтуі т.б. тіршілік түрлерінен түсінік беру нәтижесінде әлемде,
яғни табиғатта үздіксіз, тығыз байланысты
құбылыстардың болуы, олардың әсері, осыдан барып
органикалық дүниенің эволюциялық даму тарихы
шығатынын түсіндіру нәтижесі балада дүниетанымдық
көзқарастың қалыптасуына әкеледі
(жай-күрделі, төменнен жоғарыға қарай
заңдылығы түсіндіріледі).
Эстетикалық
тәрбие дегеніміз – өнердегі, табиғаттағы және
бүкіл қоршаған өмірдегі әсемдік
құралдары арқылы тәрбиелеу деген сөз.
В.А.Сухомлинский «эмоционалдық-эстетикалық лепсіз баланың
толық қанды ақыл - ойының дамуы мүмкін емес» -
деген пікірі оның маңызды ролін көрсетеді.
Әсемділіктің таптырмас
бұлағының бірі – табиғат. Ол эстетикалық
сезімнің, байқампаздықтың, қиялдың дамуына
үлкен әсерін тигізеді.
Сабақты жүргізу
талаптары:
-Талдау тапсырмалары бойынша эсселерінің дайындығына
назар аудару;
-әдістемелік құралдармен жұмыс істеу;
-дискуссияға барлық студенттердің белсенді қатысуын қамтамасыз ету.
Сабақтың барысы: Бақылау сұрақтары
бойынша студенттердің теориялық білімдері тексеріледі. Әр
студент өздеріне берілген оқулығы бойынша үш блок
негізінде берілетін тәрбие нышандарын көрсету. Таңдаған
тақырыбына сай сабақ мазмұнын әңгімелеу.
Орындалатын тапсырмалар:
1-тапсырма.
Материалистік көзқарас дегенді қалай түсінесің?
Философиялық тұрғыда түсіндіру керек.
2-тапсырма. В.А.Сухомлинский
«эмоцианалдық - эстетикалық лепсіз баланың толық
қанды ақыл - ойының дамуы мүмкін емес» - деген пікірін
талқылау.
3-тапсырма.
2-класс оқулығындағы «Көкжиек, Көкжиек
тұстары» тақырыбы бойынша сабақ
жоспарын жасау, онда алдымен сабақ (білімділік, дамытушылық,
тәрбиелік) мақсаттарын айқындау, оның ішінде
тақырып мазмұнына сай берілетін тәрбиелік мақсатын
құру.
Сабақты
қорытындылау:
Талдамаларының дұрыстығы,
оқулық мазмұнының талапқа сай ашылуы,
дискуссияға қатысу белсенділігіне және сабақ жоспарын
жасаудағы мақсаттарының дұрыс құрастыруына
орай бағалау.
№ 4-лабораториялықсабақ
Тақырыбы: Шығармашылық сын
тұрғысынан ойлай білу, әр түрлі жұмыс нысандарын
ұйымдастыра отырып, дүниетанымдық ұғымды
қалыптастыру: сезімдік, логикалық, абстрактылы ойлауға бағыттау.
Мақсаты: Шығармашылық сын
тұрғысынан ойлай білу, әр түрлі жұмыс нысандарын
ұйымдастыра отырып
дүниетанымдық ұғымды қалыптастыру жолдарын
меңгеру.
Қажетті
көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: сабақ жоспарының
үлгілері, кодоскоп, слайдтар, көркем суреттер.
Лабораториялық сабақты өткізу әдісі мен формасы: Іздену, тұжырымдау, сарамандық.
Сабақтың
теориялық мазмұны: Шығармашылық әрекет арқылы
шығармашылық қабілеттер қалыптасады, әрі
қарай дамиды. Шығармашылық ойлау деп ойдың
жылдамдығы, икемділігі, тапқырлығы, дәлдігі болып
табылады. Мұндай қасиеттер балада туа біткен қабілеті мен
түрлі тапсырмалар орындау барысында дамиды.
Бала бойындағы осындай
қасиеттердің бірі байқампаздық.
Байқампаздық - бала бойындағы дамудың
психологиялық компоненті болып табылады. Оқушы салыстыра отырып
білетіні- мен білмейтінін логикалық байланыстырады. Байқау-талдау,
салыстыру арқылы жүзеге асады. Байқау қоршаған
ортамен байланысу деген сөз. Ол қарау, қабылдау, терең
үңілу, зер салу арқылы іске асады.
Бастауыш кластарда дүниетану пәнін
оқытудың басқа пәндерден негізгі ерекшелігі
баланың жеке басының сапалы дамуы, сапалы өзгеруі осы
дүниетану пәнін оқытудың түрлі формаларын
нәтижелі ұйымдастыру барысында жүзеге асады.
Сабақты жүргізу
талаптары:
-Берілген оқулықтардан
өздерінің таңдаған тарауы бойынша ұғымдар
жүйесін жасау;
-әдістемелік құралдармен жұмыс істеу;
-барлық студенттердің
белсенді қатысуын қамтамасыз ету.
Сабақтың барысы: Бақылау сұрақтары
бойынша алдымен студенттердің теориялық білімдері тексеріледі.
Топпен жұмыс. Оқулықтағы 1 тарау бойынша немесе 1 блок бойынша
ұғымдар жүйесін жіктеу, жүйелеу, талдау.
Талқылауға
ұсынылған тапсырмалар: (1- класс оқулығы негізінде)
Орындалатын тапсырмалар:
1-тапсырма. сезімдік
ойлауға бағытталған тапсырмалар жүйесін жасау
2-тапсырма. логикалық,
ойлауға бағытталған тапсырмалар жүйесін жасау
3-тапсырма. абстрактылы
ойлауға бағытталған тапсырмалар
Сабақты
қорытындылау:
Талдамаларының дұрыстығы,
оқулық мазмұнының талапқа сай ашылуы,
дискуссияға қатысу белсенділігіне және сабақ жоспарын
жасаудағы мақсаттарының дұрыс құрастыруына
орай бағалау.
№5 – лабораториялық сабақ
Тақырыбы: Алғашқы
ұғымдардың біртіндеп ұғымдар жүйесіне ауысуын
қалыптастыру. Мақсаты: Алғашқы
ұғымдардың біртіндеп ұғымдар жүйесіне ауысуы және білімнің білік пен
дағдыға айналуын жүйелі үйрету.
Қажетті
көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: оқулықтар, бағдарлама,
ұғымдар жүйесінің үлгісі, кодоскоп, слайдтар,
ашақ сабақ үлгілері, көркем табиғат суреттері.
Лабораториялық сабақты өткізу әдісі мен формасы: Іздену, тұжырымдау, сарамандық.
Сабақтың
теориялық мазмұны: Ұғымдар - қоршаған ортаның заттары мен
құбылыстарын ойша елестете алу. Табиғат туралы
ұғымдардың қалыптасуы - жаратылыстанудың аса
маңызды міндеті, өйткені адам ойының негізінде
әрқашан бейнелер жатыр. Біз «орман» деген сәтте оны
қандайда бір түрде көз алдымызға елестетеміз.
Бейнелердің жасалу тәсілдеріне орай
ұғымдар есте сақтау және елестету ұғымдары
болып бөлінеді. Есте сақтау ұғымдары табиғат
обьектілері мен суреттер, бейнелі құралдар арқылы
оқыту, көріністерді тікелей бақылау, көру негізінде
пайда болады. Көрініс обьектінің немесе
құбылыстың сыртқы кейпін қалай дәл берсе,
ол туралы ұғым соғұрлым нақты болады.
Мұғалім баланың назарын сұрақ қою
арқылы зейінде тұрған нәрсенің қайсыбір
нақты белгісіне аударған кезде пайымдау немесе ұғымдар
пайда болады.
Түсініктер заттар мен
құбылыстардың елеулі қасиеттерін, байланыстары мен
қатынастарын көрсетеді. Түсінікті меңгеру процесі
жалпыны бөліп көрсетуден тұрады. Түсінік ұғымдарға
қарағанда абстракцияның жоғарғы деңгейі
тән, осыған байланысты төменгі класс оқушыларының
ойлау ерекшеліктерін ескерсек, оларда түсініктің қалыптасуы
айтарлықтай қиындық туғызады.
Дүниетану пәнінде биологиялық,
географиялық, экологиялық яғни, жалпы табиғат туралы
ұғымдар меңгеріледі. Жалпы ұғымдар жеке,
жинақы, жалпылама деген түрлерге топтастырылады.
Жеке
ұғымтардың қалыптасуы. Әрбір жеке обьекті не заттың немесе
құбылыстың атауы жеке ұғымдарға мысал.
Жалпы ұғымдар терминдермен тұжырымдалады да жеке
ұғымдар – жеке аттармен немесе атаулармен тұжырымдалады,
өйткені жер бетінде мұндай басқа обьектілер жоқ. Жеке
ұғымдар өз кезегінде биологиялық, экологиялық,
географиялық сипатта болады. Мысалы; Астана, Шымкент, Кавказ – жеке
географиялық; өзен, қала, тау, жер - жалпы
географиялық; құстар, гүлді өсімдіктер, жануарлар,
қылқандылар - жалпы биологиялық; көктікен, сұр
қоян, шырша - жеке биологиялық; факторлар, биосфера -
экологиялық ұғымдар болып табылады.
Жинақы
ұғымдардың қалыптасуы. Жинақы ұғымдар жеке
ұғымдардан тұрады да, олардың туыстық
белгілерінің ұғымдары жалпы болады, мысалы: Солтүстік
Мұзды мұхит теңіздері немесе Тынық Мұхит
теңіздері. Бір ғана мұхитқа жатуы мен туыстық
белгісі «теңіз» болуы оларды жинақы ұғымға
біріктіреді.
Жалпы
ұғымдардың қалыптасуы. Дүниетанудан 1 - 4 кластарда сабақ
бергенде табиғат және халық шаруашылығының
қызметімен таныстырғанда мұғалім жалпы
географиялық және жаратылыстану ұғымдарын: таулар,
мұхиттар, ағаштар мен бұталар, жабайы және үй
жануарлары, өзендер мен көлдер туралы ұғымдар береді.
Дүниетану сабағында меңгеретін
түсініктер де жалпы және
жеке болып бөлінеді. Жалпы түсініктер біртекті заттар мен
құбылыстарды қамтиды. Оған өзендер, таулар,
жазықтар, шөлдер, балықтар немесе белгілі жерді бағдар
жасау, жауын-шашын түсініктері мысал бола алады. Кез келген жалпы
түсінікті сипаттай отырып, балалар оның негізгі белгілерін немесе
әрекет кезеңдерін атай білуі тиіс. Жеке түсініктер -
бұл нақты обьектілер мен құбылыстар туралы
түсінік, мысалы, Арыс өзені, Қазығұрт тауы,
Байкал көлі, найзағай, жаңбыр, қар т.б. Жеке
түсініктердің мазмұны оларды сипаттағанда немесе
мінездеме бергенде ашылады.
Сабақты жүргізу
талаптары:
-Берілген оқулықтардан
өздерінің таңдаған тарауы бойынша ұғымдар
жүйесін жасау;
-әдістемелік құралдармен жұмыс істеу;
-барлық студенттердің
белсенді қатысуын қамтамасыз ету.
Сабақтың барысы: Бақылау сұрақтары
бойынша алдымен студенттердің теориялық білімдері тексеріледі.
Топпен жұмыс. Оқулықтағы 1 тарау бойынша немесе 1 блок бойынша
ұғымдар жүйесін жіктеу, жүйелеу, талдау.
Талқылауға
ұсынылған тапсырмалар: (1- класс оқулығы негізінде)
1-тапсырма. Адам
блогында қандай ұғымдар көрініс берді? Мағынасын
түсіндір.
2-тапсырма.
Қоғам блогында қандай ұғымдар көрініс
берді? Мағынасын түсіндір.
3-тапсырма.
Табиғат блогында қандай ұғымдармен танысады екен?
Мағынасын ашып, ұғымдар жүйесін түзу тапсырмасы.
Сабақты
қорытындылау:
Берілген оқулықтардан
өздерінің таңдаған тарауы бойынша ұғымдар
жүйесін жасауы, жүйелеуіне, талдауына орай бағаланады.
Қай топ мүшесі блок бойынша ұғымның тізімін
көп жасап, мағынасын ашуына байланысты баға жоғарылайды.
№6-лабораториялық
сабақ
Тақырыбы: Оқыту әдістері мен тәсілдерін
тиімді таңдау
Мақсаты: Қоршаған дүниені тану
әдістері мен оқу үрдістерінің әдістемесін, технологиясын
меңгеру.
Қажетті
көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: оқулықтар, бағдарлама,
кодоскоп, слайдтар, ашақ сабақ үлгілері, көркем
табиғат суреттері.
Сабақты өткізу әдісі мен формасы: Іздену, тұжырымдау, сарамандық.
Сабақтың
теориялық мазмұны:
Оқыту әдісі дегеніміз ол мұғалімнің
мектеп оқушыларының танымдық қабілетін дамытып,
көзқарастарын қалыптастыратын және оларды өмір
сүруге дайындайтын білім, іскерлік және дағды беру
әдістері. Оқыту әдістері оқушыларға жаңадан
білім беруде, бұрын алғандарын бекітуді қамтамасыз етеді,
соның нәтижесінде олар мұғалімнің
басшылығымен ғылым негіздерін игереді. Оқушыларға,
біржағынан әдістердің қай-қайсысы болса да,
біріншіден, мұғалім баяндап берген даяр білімді игеруге; екіншіден,
мұғалімнің басшылығымен өздігінен жұмыс
істеуге көмектеседі. Белгілі бір әдіс сабақтың
мақсатына, оқу материалының мазмұнына және
танымдық іс-әрекеттің сипатына байланысты әртүрлі
бағыт, түрліше күрделілік дәрежесіне ие болады.
Бастауыш кластарда бір
сабақта бір ғана әдіс қолдану сирек пайдаланылады,
керісінше бір әдіс екінші әдіспен үйлестіріліп отырылуы шарт.
Білім беру мақсаттарына нәтижелі қол жеткізу үшін
әдістердің қайсысы неғұрлым тиімді екенін
анықтап алу қажет.
Оқыту әдістерін
жіктеп, топтауға негізгі дидактикалық белгілері алынады.
Бүгінде дидактикада таңдап алынған белгілердің
негізінде бірнеше әдістердің жіктеу тобын бөліп
көрсетеді. Мысалы; оқушылардың танымдық деңгейі
бойынша, мұғалімнің білім берудегі іс-әрекетінің
сипатына, білім алу көзіне байланысты топтап, жіктелгені белгілі.
2. Оқыту
әдістерінің жіктелуі
(классификациясы).
Оқыту әдістерінің
негізгі классикалық мынадай тобы
белгілі;
1.Сөздік әдістері
(баяндау немесе түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, оқулықпен
жұмыс);
2.Практикалық әдістері
(бақылау әдісі, зерттеу әдісі, жаттығу әдісі,
практикалық жұмыстар, зертханалақ жұмыстар, дидактика-
лық ойындар);
3.Көрнекілік әдістері
(иллюстрация түрі - плакаттар, кестелер, суреттер, карталар, бейнелер,
муляждар, макеттер және демонстрация түрі-тәжірибелер,
телекөрсетілімдер, бейнефильм- дер, кодопозитивтер, компьютерлік бағдарламалар).
Әр әдістің өзіне
тән қолдану ерекшіліктері бар. Айталық, сөздік
әдістерді қолдануда оқушылардың білім алу көзі
мұғалімнің сөзі болып табылады. Білім көздері
бойынша бөлінген оқыту әдістері оқып –үйрену
кезінде бір - бірін толықтырады және жүйе құра
отырып, өзара әрекет етеді.
Сабақты жүргізу
талаптары:
-табиғатты тану жолдары негізінде
даярлаған эссе түріндегі тапсырмаларының дайындығын
қадағалау;
-әдістемелік құралдармен жұмыс істеу;
-барлық студенттердің
белсенді қатысуын қамтамасыз ету.
Сабақтың барысы: Бақылау сұрақтары
бойынша алдымен студенттердің теориялық білімдері тексеріледі.
Талдау тапсырмалары:
1-тапсырма.
Табиғатты танытудың тиімді жолы ретінде қай әдісті
ұсынып отырсың? Пікіріңді дәлелде.
2-тапсырма. 3-класс
оқулығындағы «Географиялық карта» тақырыбына жоспар
даярлау.
3- тапсырма. Салыстыру, бақылау, талдау, тәжірибе,
модельдеу әдістерінің жүргізілу бойынша жоба жасау.
Оның мазмұнын әңгімелеу, ұйымдастыру
әдістерін ұсыну.
Сабақты
қорытындылау:
Таңдаған тақырыптарының
жоспарының дұрыс құрылуы, мазмұнының
мақсатына сай ашылуына байланысты және студенттердің
белсенділігі, тапсырманың дұрыс орындалуына орай бағаланады.
№7-лабораториялық
сабақ
Тақырыбы: Оқыту технологиялары, оларды
пайдалану жолдары.
Мақсаты: Дүниетану сабақтарында
қолданылатын оқыту әдістері мен әдістемелік тәсілдерді
таңдау, олардың ерекшеліктерін және оларды
ұйымдастыру тәсілін меңгеру.
Қажетті
көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: Сабақ жоспарының
үлгілері, кодоскоп, слайдтар, кассета, әдістемелік кітаптар.
Теле-видео аппаратурасы.
Практикалық сабақты өткізу әдісі мен формасы: Іздену, тұжырымдау,
сарамандық.
Сабақтың
теориялық мазмұны: Қазіргі уақытта білімде
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жасау және
тарату, инновацияларды өрістету талаптары қойылып, оған
жағдайлар да жасалуда. Осыған орай, оқу үрдісінде
деңгейлеп оқыту технологиясы (Ж.А.Қараев), жүйелік
негізде оқыту технологиясы (Г.Г.Ғалиев), блокты-модульдік
технологияны (М.Жанпейісова) колдану қажет. Сондай-ақ,
әсіресе айнала қоршаған табиғатпен, ондағы заттар
мен денелер және түрлі құбылыстарды таныту, оларда
жүретін заңдылықтары мен құпия сырларын білдіру
үшін 1-сыныптан 4-сыныпқа қарай күрделендіру
принципімен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
пайдалану баланың танымдық деңгейінің
көтерілуіне, өзіндік ой-пікірлер түйіндей алуына толық
мүмкіндік жасайды. Сонымен бірге баланың шығармашылық
қабілеттерінің дамуына түрткі болады.
Шығармашылық әрекеттер арқылы шығармашылық қабілеттер
қалыптасады, әрі қарай дамиды. Шығармашылық ойлау
деп ойдың жылдамдығы, икемділігі, тапқырлығы,
дәлдігі болып табылады. Мұндай қасиеттер балада туа біткен
қабілеті мен түрлі тапсырмалар орындау барысында туындайды,
қалыптасады, дамиды.
Ұлы ойшыл, қытай философы Конфуцийдің «Естігенімді
ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, ал өз
ақыл-ойыммен істеген ісімді түсінемін» деген даналық
сөздері мұғалімге сөз өз ойын сапырылыстырып айту
үшін берілмейді, басқаның ойына қозғау салу
үшін беріледі деген пікірмен үндеседі. Яғни білім беру
процесінде мұғалім материалды дайын күйінде бермей бала ізденісіне
жол ашатындай, ойлау жүйесіне түрткі болатындай
әдіс-тәсілдерді үйлесімді таңдай білсе, сонда
ғана бала өзіндік ойлау қабілеті бар жеке тұлға
болып қалыптасады. Мұндай жағдайда оқу жүйесінде
дәстүрлі оқыту түрлерінен алшақтап дамыта оқыту технологиялары енгізілуде.
Дамыта оқыту технологиясы-
баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін
қалыптастыру, байқампаздығын, практикалық
әрекеттерін, өз бетінше ізденуге шешім қабылдауға
дағдыландыру, ұшқыр қиялға баулу, логикалық
ойлауын дамыту т.б.
Дамыта оқыту технологиясы
құрамдас бөліктері де мақсаттары мен сапалық
нәтижелері де дәстүрлі оқыту жүйесіне
мүлдем қайшы келеді. Айталық, дәстүрлі
оқыту жүйесінде дайын нұсқаулар мен анықтамалар
білдіру, яғни балада бағдарлама төңірегінде білім, білік, дағды қалыптасады,
ал ұшқыр ойлауға, байқампаздыққа,
ізденушілік, зерттеушілік қасиеттерге стихиялы түрде барады.
Сабақты жүргізу
талаптары:
-Әр студент таңдаған
тақырыптарының мазмұны бойынша конспект даярлау, оның
толық болуын қадағалау;
-әдістемелік құралдармен жұмыс істеу;
-барлық студенттердің белсенді қатысуын қамтамасыз
ету.
Сабақтың барысы: Бақылау сұрақтары
бойынша алдымен студенттердің теориялық білімдері тексеріледі.
1-тапсырма. Оқу үрдісінде деңгейлеп
оқыту технологиясы (Ж.А.Қараев) талдау. Сабақ
жоспарының құрылымын сақтай отырып таңдаған
тақырыбына орай сабақ жоспарын түзу.
2-тапсырма.
блокты-модульдік технологияны (М.Жанпейісова). Дамыта оқыту технологиясын
талдау ерекшеліктерін анықтау, сызбасын сызу.
Сабақты
қорытындылау:
Таңдаған тақырыптары бойынша
жоспарларының дұрыс құрылуы, мазмұнының
мақсатына сай ашылуына және студенттердің белсенділігі,
тапсырманың дұрыс орындауына байланысты бағаланады.
№8 - лабораториялық
сабақ
Тақырыбы: Дәстүрлі сабақтар, олардың
ерекшелігі. Сабақ құрылымы.
Мақсаты: Дәстүрлі сабақ түрлерінің
құрылымындағы айырмашылықты анықтау, сабақ құрылымын
талдай білуге үйрету.
Қажетті
көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: Дүниетану пәнінен
мемлекеттік стандарт, дүниетану пәніне арналған мектеп
бағдарламасы, дүниетану оқулығы (1-4 сыныпқа
арналған), әдістемелік көмекші құралдар,
сөздіктер. Ашық сабақ үлгілері жазылған жеке
папкалар, кодоскоп, слайдтар.
Сабақты өткізу әдісі мен формасы: Іздену, сарамандық,
шығармашылық жұмыстар, жеке жоспарларын талдау.
Сабақтың теориялық мазмұны: Сабақ құрылымы деп
сабақтың барысында
оның құрамды бөліктерінің,
кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен
жүзеге асырылуын айтады.
Барлық сабақтар дидактикалық
мақсаттары мен оқыту әдістеріне қарай 4 типке
бөлуге болады.
1. Жаңа білім, дағдылар мен
машықтар қалыптасатын сабақтар;
2. Білім мен дағдыны жетілдіретін,
тиянақтайтын сабақтар; жинақтап, қорыту
сабақтары;
3. Білімді тексеру сабақтары.
4. Аралас сабақтар.
Дидактикада белгілі жаңа білім негізінен
бұрынан алған білімдерге сүйене отырып берілуі тиіс.
Сондықтан жаңа сабақты хабарлай отырып, бұрынғы
алған білімдерін міндетті түрде тексеріп, еске түсіру
кезеңі орын алу шарт. Міне осы тұрғыда бастауыш класта
көбіне аралас сабақ типі басымдық көрсетеді. Себебі
аралас сабақ типіне білім меңгертудің барлық процестері
тән, айталық жаңа білім беру, бұрын алған
білімдерін тексеру, дамыту және пысықтау кезеңдері
нақты орындалады. Ал бастауыш класта бұл кезеңдер міндетті
түрде әр сабақта болуы тиіс.
Мұндай сабақтың барлық
дидактикалық кезеңдері, бөліктерінің ұштасуы орын
алады. Сабақтың бұл түрі бастауыш кластарда
кеңінен қолданылды. Төменгі класс оқушылары біркелкі
жұмыстан жалығады, жылдам шаршайды. Ал, аралас сабақтағы
оқу жұмысының әртүрі, бірінен кейін бірі ауысып
отыруы балалардың таным белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Сабақтың мақсатын ойластыру
барысында мынадай 3 сұраққа жауап табу керек:
- не меңгерілу тиіс?
-меңгерту процесінде жаңа
ұғымдардың белгілі қандай қызметтері туралы
айтылады?
- қандай маңызды мазмұны тірекке
алыну керек?
Сабақ біртұтас құбылыс
бола тұрып, бірнеше, түрлі дидактикалық
мақсаттардың орындалуын талап етеді. Мұғалім алдымен
оқушыларды сабаққа дайындау, одан кейін өткен материалды
еске түсіру, жаңа материалды түсіндіру, оны бекіту, үй
тапсырмасын беру сияқты мақсаттарды көздейді. Осындай
мақсаттарды орындауға бағытталған сабақтың
белгілі кезеңдері, құрылымды бөліктері болады, олар
сабақтың басталуы, үйге берген тапсырманы тексеру, оны
пысықтау және
нұсқау беру, мұндай жағдайда сабақ
құрылымы толық сақталған делінеді. Сонымен
сабақ құрылымы деп сабақтың барысында оның
құрамды бөліктерінің, кезеңдерінің
бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуын айтады.
Сабақтардың құрылымы
оқытудың мақсат-міндеттеріне, оқу материалының
мазмұнын ары қарай және қолданатын
әдіс-тәсілдеріне байланысты әр түрлі болып келеді.
Сабақты жүргізу
талаптары:
-Әр студент таңдаған
тақырыптарының мазмұны бойынша конспект даярлау, оның
толық болуын қадағалау;
-әдістемелік құралдармен жұмыс істеу;
-барлық студенттердің белсенді қатысуын қамтамасыз
ету.
Лабораториялық сабақтың
барысы: Бақылау
сұрақтары бойынша алдымен студенттердің теориялық
білімдері тексеріледі.
1-тапсырма.
В.А.Сухомлинскийдің сабақ жоспары туралы айтқан
және «Сабақ
мұғалімнің жалпы және педагогикалық мәдениетінің
бет-бейнесі, оның интеллектілік байлығының өлшемі,
оның ой-өрісінің, эрудициясының көрсеткіші»
цитатының мазмұнын талдау.
2-тапсырма. Түрлі
сабақ типтеріне сәйкес құрылымындағы
ерекшеліктерді талдау.
3-тапсырма. 3-
класс оқулығындағы «Жер бетінің ауаны жылытуы. Жел»
тақырыбы бойынша аралас сабақ жоспарын жасау.
Сабақты
қорытындылау:
Жоспарларының дұрыс
құрылуы, мазмұнының мақсатына сай ашылуына
байланысты және студенттердің белсенділігі, тапсырманың
дұрыс орындалуына орай бағаланады.
Студенттердің жеке жобаларын
талқылау. Келесі сабақта осы тақырып бойынша жоспары
дұрыс құрылған дайын студентке байқау ашық
сабағын өту тапсырылады. Бұл тапсырма арнайы бағаланады.
№ 9 - лабораториялық
сабақ
Тақырыбы: Сабақ типтері: топсеруен, зертханалық,
аралас, заттық, олардың ерекшеліктері
Мақсаты: Сабақ типтерінің
құрылымындағы айырмашылықты анықтау.
Қажетті
көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: Дүниетану пәнінен
мемлекеттік стандарт, дүниетану пәніне арналған мектеп
бағдарламасы, дүниетану оқулығы (1-4 сыныпқа
арналған), әдістемелік көмекші құралдар,
сөздіктер. Ашық сабақ үлгілері жазылған жеке
папкалар, кодоскоп, слайдтар.
Лабораториялық сабақты өткізу әдісі мен формасы: Іздену, сарамандық,
шығармашылық жұмыстар, жеке жоспарларын талдау.
Сабақтың
теориялық мазмұны: Сабақтың түрлері мен оның құрылымы
сабақты жетілдіру жолындағы маңызды проблемалардың
бірі. Әсіресе сабақтарды топтастыру туралы әртүрлі
көзқарастар бар. Қазіргі кездегі дидактикада сабақтарды
топтастыру мынадай белгілерге негізделеді, оқыту мен нақты
сабақтың мақсат-міндеттері және сабақтың
кезеңдері-құрылымды бөліктері. Осыған орай
сабақ-тардың мынадай негізгі типтеріне, түрлеріне
ажыратуға болады
1. Жаңа білімді хабарлау сабақтары.
2. Жинақтау және қайталау
сабақтары.
3. Білік пен дағдыларды қалыптастыру
сабақтары.
4. Білімді тексеру, бақылау
сабақтары.
5. Аралас сабақтар.
Дүниетану пәні бойынша ерекше сабақ типтері болады.
кіріспе, қорытынды, топсеруен,
сарамандық, зертханалық, аралас, заттық. Заттық
сабақтар мынандай кезеңдерге бөлінеді:
1. Затты көрсету, оның атын айту
(сөз бен көру танымының байланысы);
2. Бүтін затты және оның
бөліктерін бақылау және қабылдау, бірақ аса
талдап тексермеу;
3. Заттың басты және көмескі,
жеке бөліктерін қарау;
4. Жаңа заттарды бұрын танысқан
заттармен салыстырып, ұқсас және айырықша белгілерін
анықтау;
5. Жинақтап-қорыту;
6. Оқулықтағы
әңгімені оқу, суретін салу, желімдеу, коллекция жасау т.б.
кластан тыс жұмыстар арқылы дамыту.
Лабораториялық
сабақты жүргізу талаптары:
-әр студент таңдаған
тақырыптарының мазмұны бойынша конспект даярлау, оның
толық болуын қадағалау;
-әдістемелік құралдармен жұмыс істеу;
-барлық студенттердің белсенді қатысуын қамтамасыз
ету.
Лабораториялық сабақтың
барысы: Бақылау
сұрақтары бойынша студенттердің теориялық білімдері
тексеріледі. Таңдаған тақырыбына сай сабақ
мазмұнын әңгімелеу.
Орындалатын тапсырмалар:
1-тапсырма. 4-
класс оқулығындағы «Сезім мүшелері. Сезім
мүшелерінің гигиенасы» тақырыбы бойынша аралас
сабақтың жоспарын жасау. Оның мақсатының
дұрыс айқындалуын, мазмұнын толық
әңгімелеу, ұйымдастыру әдістерін таңдауы,
әдістемелік құралдарды дұрыс қолдана білуге
үйрету.
2-тапсырма. «Көкжиек.
Көкжиек тұстарын бағдарлау, компаспен жұмыс» тақырыбы бойынша заттық сабақ
жоспарын құру.
3-тапсырма. «Ауа,
ауаның қасиеттарі» тақырыбында зертханалық
сабақтың жоспарын құру.
Сабақты
қорытындылау:
Жоспарларының дұрыс
құрылуы, мазмұнының мақсатына сай ашылуына
байланысты және студенттердің белсенділігі, тапсырманың
дұрыс орындалуына орай бағаланады.
Студенттердің жеке жобаларын талқылау. Келесі сабақта осы
тақырып бойынша жоспары дұрыс құрылған дайын
студентке байқау ашық сабағын өту тапсырылады.
Бұл тапсырма арнайы бағаланады.
№ 10 – лабораториялық сабақ
Тақырыбы: Дәстүрлі емес сабақ
түрлері: ойын, пікірталас, т.б. сабақ түрлері, олардың маңызы,
өткізу әдістемесі.
Мақсаты: Дәстүрлі емес сабақ
түрлерінің ерекшеліктері (ойын, пікірталас, т.б.) олардың
маңызы, өткізу әдістемесі.
Қажетті
көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: Дүниетану оқулығы (1-4
сыныпқа арналған), әдістемелік көмекші
құралдар, сөздіктер. Ашық сабақ үлгілері
жазылған жеке папкалар, кодоскоп, слайдтар, кассета, видео-теледидар
қондырғысы.
Лабораториялық сабақты өткізу әдісі мен формасы: Іздену, сарамандық,
шығармашылық жұмыстар, жеке жоспарларын талдау.
Сабақтың
теориялық мазмұны: Дидактикада Я.К.Коменский, И.Ф.Гербарт, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин,
А.Байтұрсынов т.б. негізін салған оқыту теориясында -
сабақтарды топтастыруға байланысты қалыптасқан
көзқарас бар екені белгілі. Сондай-ақ, кеңес
дәуірінде және одан кейінгі кездерде жарық көрген
дидактикалық еңбектерде сабақтарды топтастыру жалпы
алғанда, мынандай критерийлерге негізделеді.
1.Сабақтың
дидактикалық мақсаты;
2.Сабақтың
құрылымы (дидактикалық кезеңдері, этаптары);
3.Сабақта
қолданылатын негізгі бір әдісі.
Бірінші белгіге байланысты сабақтың
мына түрлері анықталады: кіріспе сабақ, жаңа білім беру
сабағы, бекіту, қайталау, дағды қалыптастыру
сабақтары, білім тексеру , бағалау сабағы т.б. Екінші белгі
бойынша - аралас сабақ, пәнаралық сабақ т.б.
Үшінші белгі бойынша–пікір-талас сабағы, компьютерлік сабақ
т.б. Әрине, бұлардың жеке пәндерді оқыту
ерекшеліктеріне байланысты түрлі нұсқалары, өзгермелі
түрлері болуы мүмкін. Бірақ, жоғарыда айтылған
сабақтың дәстүрлі емес түрлері
сабақтың жаңа және жеке түрлеріне жатпайды,
оларды сабақтың мазмұнына немесе сабақта
қолданатын жеке тәсіл - амалдарға жататын -
сабақтың элементтері деп қарау керек. Сабақты
ойынға айналдыруға болмайды, бірақ ойын түрлерін
қолдануға болады. Жалпы, дәстүрлі емес сабақтар
деген ұғым дұрыс емес өйткені, ондай
сабақтардың белгілі бір дидактикалық құрылымы
анықталмаған, ешқандай дидактикалық
қағидаларға негізделмеген көрініс. Шын мәнінде,
сабақта дәстүрлі емес тәсіл - амалдарды, мысалы;
конкурс, сайыс, бәйге, КВН сияқты т.б. орынды қолдануға
болады.
Соңғы кездерде педагогикалық
басылымдарда сабақ туралы, әсіресе оның жеке түрлерге
жіктелуі туралы теріс пікірлер айтылып жүр. Мысалы, кейбір авторлар
сабақтың мынандай түрлерін атайды: концерт - сабақ,
конкурс - сабақ, көкпар - сабақ, сайыс - сабақ,
бәйге - сабақ, пресс конференция - сабағы, саяхат -
сабағы, өзара көмек - сабағы т.б. Бұл сабақтар тәсіл бойынша оны
ұйымдастырудың немесе оқытудың бастапқы
әдісі негізінді бөлінген.
Дәстүрлі емес сабақтардың
түрлерін жаңа сабақ ретінде ұсынып жүрген
авторлар сабақты оқу жұмысын ұйымдастырудың
басқа формаларымен (экскурсия, конференция, семинар, консультация т.б.)
шатастырады. Бұлар оқу жұмысын ұйымдастырудың
қосымша (толықтырмалы) формаларына жатады, сондықтан оларды
сабақтан өзгеше қарау дұрыс.
Лабораториялық
сабақты жүргізу талаптары:
-Әр студент таңдаған
тақырыптарының мазмұны бойынша конспект даярлау, оның
толық болуын қадағалау;
-әдістемелік құралдармен жұмыс істеу;
-барлық студенттердің белсенді қатысуын қамтамасыз
ету.
Сабақтың барысы: Бақылау сұрақтары
бойынша студенттердің теориялық білімдері тексеріледі.
Таңдаған тақырыбына сай сабақ мазмұнын
әңгімелеу.
Орындалатын тапсырмалар:
Тапсырма. 3-класс
оқулығындағы «Қонақжай» және
«Сыйластыққа себеп көп» тақырыптарын біріктіре сайыс
сабағының жоспарын жасау.
Сабақты
қорытындылау:
Сабақ жоспарының дұрыс
құрылуы, мазмұнының мақсатына сай ашылуына
байланысты және студенттердің белсенділігі, тапсырманың
дұрыс орындалуына орай бағаланады.
№11- лабораториялық
сабақ
Тақырыбы. Оқушылардың білімін
пайдалана отырып, тірі табиғат мүйісінде, мектеп жанындағы
учаскеде, мектеп бөлмесіндегі тапсырмалар, тәжірибелер,
бақылаулар жүргізу
Мақсаты:
Оқушылардың білімін пайдалана отырып, тірі табиғат
мүйісінде, мектеп жанындағы учаскеде, мектеп бөлмесіндегі
тапсырмалар, тәжірибелер, бақылаулар жүргізу
әдістемесін меңгерту
Қажетті көрнекіліктер мен
құрал-жабдықтар: Тірі табиғат мүйісін де, мектеп жанындағы
үлескелердің сызба-жоспары, макеті, кодоскоп, теле- видео
қондырғы. Тірі табиғат бұрышы мен
оқу-тәжірибе үлескесінде пайдаланылатын
құрал-жабдықтар.
Лабораториялық сабақты өткізу әдісі мен формасы: Іздену, шығармашылық
жұмыстар, сарамандық.
Сабақтың теориялық мазмұны: Тірі табиғат бұрышын
ұйымдастыра отырып мұғалім оқушылардың білімін
толықтырады, тереңдете, сондай-ақ практикалық
машық пен дағды қалыптастырады.
Тірі табиғат бұрышын жасауға
арнайы ауқымды орын болмаған жағдайда бөлме
өсімдіктерін, жер шарының әр бұрышындағы
өсімдіктер түрлерін өсіріп, оқушыларды сол өсімдіктердің
ерекшеліктерімен, күту, оларды бақылау сияқты жұмыстарды
ұйымдастыруға болады. Онда әр өсімдікте этикетка іліну
керек, мұнда өсімдіктің аты, отаны, отырғызылған
уақыты жазылады. Әр өсімдіктің жарыққа,
ылғалға, температураға байланыстылығын, гүлдеу
мерзімдерін бақылайды. Мұғалімнің жетекшілігімен
қарапайым тәжірибе жүргізеді, нәтижесінде
өсімдіктерді ғылыми түрде танып білу, зерттеу шарттары
орындалады. Бұл білімдерін күнделікті тұрмыста да
қолданады.
Аквариумдегі балықтар тіршілігін:
шабақтардың бірте-бірте дамуын, температура мен коректенудің
балықтардың өсуі мен дамуына әсерін, коректенуге
байланысты шартты рефлекстің тууын (аквариумді ыдыспен тықылдату,
шам жағу) және балықтардың ауа райын болжауын т.б.
бақылауды ұйымдастаруға үлкен мүмкіндік береді.
Әрбір мектептің маңында арнайы
жер бөлініп, онда оқу-тәжірибе үлескесі
ұйымдастырылады. Онда бастауыш кластарға арналған
мөлтектер бөлініп беріледі. Әрбір класс өз
мөлтегінде жұмыс істейді.
Оқу-тәжірибе үлескесі алдын ала
мынандай бөлімдерге бөлінеді: дала өсімдіктер бөлімі,
көкеніс өсімдіктер бөлімі, жеміс-жидектер бөлімі,
әсемдік өсімдіктер
бөлімі.
Дала өсімдіктері бөлімінің
өзі 2 бөлімге коллекциялық және тәжірибелік деп
бөліну керек. Коллекциялық бөлікке белгілі ретпен
мәдени өсімдіктердің түрлері егіледі. Айталық;
1-бөлікке астық тұқымдастары (арпа, сұлы, бидай,
тары, жүгері, күріш), екінші бөлікке бұршақ
тұқымдастары (ас бұршақ, үрме бұршақ,
жасымық, соя, жоңышқа, беде), 3-бөлікке тоқыма өнеркәсібіне
пайдаланатын өсімдіктері (кендір, кенеп, қалақай),
4-бөлікке майлы өсімдіктер (күнбағыс,
жержаңғақ, мақсары), 5-бөлікке түйнекті
өсімдіктер түрлері (картоп, шалқан, сәбіз,
қызылша, орамжапырақ), 6-бөлікке дәрілік
өсімдіктер (жалбыз, шайқурай, валериана, тмин) егіліп, өсіріледі.
Коллекция бөлімінің жалғасы
тәжірибе бөлімен ұштасады. Мұнда жерсіндіру жұмыстары,
вегетативті көбету тәсілдері және түрлі
агротехникалық шаралар ұйымдастырылады.
Мектеп маңындағы
оқу-тәжірибе үлескесі білім мен тәрбие беруде
үлкен маңызға ие. Тәжірибе алаңындағы
жұмыстар оқушылар бойында практикалық дағдылар мен машықтар
қалыптасуға, еңбекке баулуға үлкен септігін
тигізеді. Тәжірибе алаңында күзгі және көктемгі
топырақты өңдеу, арамшөптермен, зиянды
бунақденелілермен күрес жолдарын, тұқымдарды себу
тәсілдерін, өсімдіктерді көбету жолдарын, олардың
өнуін, өсуін бақылау, күтіп баптау жолдарын
үйренеді.
Оқу-тәжірибе үлескесінде
жұмыс істеу үшін соған сәйкес
құрал-жабдықтар болу керек: күрек, тісті темір тырма,
тісті ағаш тырма, шаршылы ұялап егуде және көшет отырғызуды
белгілеуге арналған маркер қажет. Сондай-ақ, көшеттерді
отырғызу үшін қалақ, топырақтың
қабатын қопсыту үшін кетпен, өсімдіктерді суғару
үшін су құйғыштар керек. Сонымен бірге жоспарлау
жұмысы кезінде үлескенің эстетикалық, көркемдік
жағына аса көңіл бөліну керек.
Лабораториялық сабақты
жүргізу талаптары:
-Әр студент таңдаған
тақырыптарының мазмұны бойынша конспект даярлау, оның
толық болуын қадағалау;
-әдістемелік құралдармен жұмыс істеу;
-барлық студенттердің белсенді қатысуын қамтамасыз
ету.
Лабораториялық сабақтың
барысы: Бақылау
сұрақтары бойынша студенттердің теориялық білімдері
тексеріледі.
Орындалатын тапсырмалар:
1-тапсырма. Тірі табиғат бұрышында
жүргізілетін жұмыстың бір түріне жоспар жасау.
2-тапсырма. Тәжірибе
үлескесіндегі көктемгі жұмыс түріне арналған
сабақ түріне жоспар жасау.
3-тапсырма.
Тәжірибе үлескесінде атқарылатын жеке тапсырмалар мен
бақылау түрінің жүйесін түзу.
Сабақты
қорытындылау:
Топтық және жеке тапсырмаларға
арналған жоспардың дұрыс құрылуы, орындалуына
дайындық әдістері, жұмыстың аяқталуы және
студенттердің белсенділігі мен жеке жобаларының ерекшелігіне орай
бағаланады.
№12- лабораториялық
сабақ
Тақырыбы. Жеке, топпен, сыныппен өткізілетін
жұмыс түрлері.
Мақсаты: Жеке, топпен, сыныппен өткізілетін
жұмыс түрлері, олардың ролін аша білуге үйрету. Экскурсия
түрлері және оларды ұйымдастыру әдістерін,
тақырыптық кештерді таңдай білу, тәжірибе көрсету
сабақтарын ұйымдастыру
әдістемесін меңгеру.
Қажетті
көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: Кассета, видео-теледидар, Ашық
сабақ үлгілері, буклеттер, көркем-суреттер, түрлі
әдістемелік құралдар. Ашық сабақ үлгілері
жазылған жеке папкалар. Зертханалық
құрал-жабдықтар.
Лабораториялық сабақты өткізу әдісі мен формасы: Іздену, шығармашылық
жұмыстар, жеке жоспар жасау, зертханалық жұмыс.
Сабақтың теориялық мазмұны: Мектепте кесте бойынша жүрзілетін
сабақтан басқа да оқушылармен сабақтан тыс
уақытта оқыту түрлері ұйымдасты-рылады. Сабақтан
тыс жүргізілетін жұмыстарға мұғалім
басшылық жасайды, тапсырмалар, нұсқаулар беріп, ал тексеру
сабақ үстінде орындалады. Сабақтан тыс жұмыстарға
ауа райын бақылау, фенологиялық бақылау, тәжірибе
қою (ол ұзақ мерзімді бақылауды қажет етеді)
мысалы, әртүрлі тұқымдардың өнуін,
өсуін бақылау, түрлі
қосымша кітаптар оқу, «Бақылау күнделігі» бойынша
табиғат өзгерістерін, адам еңбектерін жүйелі
бақылап, күнделікке жазып, қорытынды жасап отыру.
Сабақтан тыс оқу түріне үй жұмысын орындау да
жатады.
Қазіргі уақытта мектепте кластан тыс
жұмыстар жеке-дара, топтық, көпшілік түрде
ұйымдастырылады. Бұл ұйымдастырылу түрлері бір-бірімен
тығыз байланысты, бірін-бірі толықтыра түседі. Мұның
негізі мұғалімнің басшылығымен оқушылардың
білім деңгейі, олардың қызығушылықтары мен
құмартуынан және таңдауынан туындайды. Дұрыс
ұйымдастырылған жұмыс баланың жан-жақты дамуына,
дұрыс тәрбиеленуіне көп әсерін тигізеді,
экологиялық тәрбиенің қайнар көзі болып табылады.
Дүниетану пәнін оқытқанда
тәжірибе көрсету маңызды орын алады. Олар заттар мен
денелердің физикалық, химиялық және биологиялық
қасиеттерін анықтау, табиғат құбылыстарын
түсіндіру үшін қажет. Мысалы, тау жыныстарының
мүжілуі, судың, ауаның, топырақтың
қасиеттерін зерттеу кезде осы әдістер қолданылуы керек.
Тәжірибелердің педагогикалық құндылығы
оларды орындау кезінде оқушылардың білімі, дағдылары мен машықтары
ұштасатынымен, олардың дербестігін тәрбиеленетінімен
анықталады. Сондай-ақ зертханалық
құралдардың атауын меңгеру, оларды дұрыс
қолдана білу техникасын үйренеді. Тәжірибелер
мұғалім орындайтын демонстрациялық және оқушылар
жасайтын зертханалық болып бөлінеді.
Лабораториялық сабақты
жүргізу талаптары:
-Берілген тапсырма бойынша студенттерде сабақ
жоспары және мазмұнына сәйкес материалдарының
конспектісі болу;
-әдістемелік құралдармен жұмыс істеу;
-барлық студенттердің жеке тапсырмалары бойынша белсенді
қатысуын қамтамасыз ету.
Лабораториялық сабақтың
барысы: Бақылау
сұрақтары бойынша студенттердің теориялық білімдері
тексеріледі. Төмендегі нұсқа бойынша 1 тапсырма бойынша
жоспар жасап, оның ұйымдастырылуын демонстарциялау керек.
Орындалатын тапсырма.
1-нұсқа:
1-тапсырма. Тұқымдардың өнуін бақылау»
тақырыбына жоспар түзу, іс-жүзінде орындау. «Гүлдер
мерекесі», «Құстарды қарсы алайық»-атты кеш бағдарламасын, сценарийін жасау.
2-тапсырма.«Дендрология бағына экскурсия
ұйымдастыру» жоспарын жасау. Талдау.
3-тапсырма. «Гүлдер мерекесі», «Құстарды
қарсы алайық»-атты кеш
бағдарламасын, сценарийін жасау
4-тапсырма.«Көгілдір сақшылар» немесе «Жасыл
сақшылар», «Жас натуралистер» -атты үйірме бағдарламасын
түзу.
Орындалатын тапсырмалар.
2-нұсқа.
1-тапсырма. «Су, судың қасиеттері»
2-тапсырма. «Ауа, ауаның қасиеттері»
тақырыптары бойынша тәжірибе
көрсету сабақ жоспарын жасау. Оны іс-жүзінде жүргізіп
көрсету.
Орындалу ережелері.
1-тапсырма.
«Су, судың
қасиеттері»
Су физикалық қасиеттері.Су түссіз, иіссіз,
сұйық , пішіні жоқ, еріткіш.
1-тәжірибе.
2 стакан алып, біреуіне сүт, екіншісіне су құйып салыстыру.
2-тәжірибе.
Стакандағы суға қант немесе тұз салып бақылау.
3-тәжірибе. Суды әртүрлі формадағы
ыдыстарға құю және төгіп көрсету.
Қорытындылау
2- тапсырма
«Ауа, ауаның
қасиеттері»
Ауа түссіз, дәмсіз, иіссіз, жеңіл, серпімді,
өткізгіш. Дәлелдеу керек
1-тәжірибе.
доп, шарды жерге бірнеше рет ұрып бақылау.
2-тәжірибе.
Иіс суды үрлеп жіберу керек. Қорытындылау
Әр тәжірибе ретімен қойылатын сұрақтармен
үйлесіп отыруын қадағалау. Мысалы.
1. Біз тәжірибе арқылы қандай құбылысты
көріп білеміз?
2. Біз тәжірибе өткізуге қандай
құрал-жабдық аламыз? (мысалы, су құйылған
колба мен спирт шамы)
3. Құбылыс қалай жүреді? (Қыздырудан су
колбадан асып төгіле бастайды.
4. Бұл неге олай болды? (Су қыздырғанда көлемін
ұлғайтады)
5. Біз бұл құбылысты
тұрмыста қайда, қашан бақылай аламыз? (Шәйнектегі
тола су қайнағанда).
Сабақты
қорытындылау:
Топтық және жеке тапсырмаларға
арналған жоспардың дұрыс құрылуы, орындалуына
дайындық әдістері, тәжірибенің дұрыс
ұйымдастырылуына мән берілу керек, жұмыстың
аяқталуы және студенттердің белсенділігі мен жеке
жоспарларының ерекшелігіне орай бағаланады.
№13- лабораториялық сабақ
Тақырыбы. Көрнекіліктерді кешенді түрде
пайдалану мүмкіндіктері. Техникалық құралдармен
жұмыс.
Мақсаты:Дүниетану сабағына
қажетті көрнекіліктерді қолдан даярлау әдістерін меңгерту.
Техникалық оқу құралдарды пайдалану ережелерін
үйрету.
Қажетті
көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: Табиғи және жасанды
көрнекіліктердің үлгілері, кодоскоп, теледидар, видео,
диапроектор, интерактивті тақта. Ашық сабақ үлгілері
жазылған жеке папкалар. Зертханалық
құрал-жабдықтар.
Лабораториялық сабақты өткізу әдісі мен формасы: Іздену, шығармашылық
жұмыстар, сарамандық.
Сабақтың теориялық мазмұны: Дүниетануды оқыту процесін
жоғары деңгейде жүргізу үшін материалдық база
маңыздылығы жоғары. Жаратылыстану негіздері бойынша
материалдық база 3 негізгі топқа бөлінеді.
-класта сабақ өту үшін қажетті
құрал-жабдықтар;
-тірі табиғат бұрышы;
-мектеп маңындағы тәжірибе алаңы,
географиялық алаң.
І Бірінші топқа:
1.Оқу жабдықтары. Класта нәтижелі, сапалы сабақ
жүргізу үшін көрнекі құралдар қажет.
Көрнекі құралдарды үш топқа топтастыруға
болады.
1.Табиғи тірі және өлі табиғат обьектілері
2.Иллюстративті (суреттер, кестелер,моделдер т.б.)
3. Қосымша көмекші құралдар (лабораториялық
жабдықтар, прибор- лар)
1.Табиғи
көрнекіліктер
Дүниетанудан сабақ беруде табиғи көрнекі
құралдың маңыздылығы өте жоғары.
Оларды төмендегідей типтерге жіктеуге болады:
1. Табиғаттың өлі обьектілері;
2. Тірі өсімдіктер мен жануарлар;
3. Гербарийлер;
4. Жануарлар және олардың мүшелерінің
коллекциялары;
5. Консервленген және фиксацияланған обьектілер;
6. Жануарлар тұлыптары.
2.Иллюстративті
көрнекіліктер
Бұл көрнекіліктер түрін екі негізгі топқа
топтастыруға болады: көлемді және жазықты. Бірінші
түріне -модельдер және
муляждар, екінші түріне –түрлі көлемді суреттер,
кестелер, схемалар, көркем суреттер карталар. Бұл
көрнекіліктерді қолдану танысқалы отырған заттың
өзін тікелей көру мүмкін болмаған жағдайда,
олардың бейнесін көрсету түрінде пайдаланылады.
3. Қосымша
көмекші құралдар
Бұл топқа зертханалық құрал-жабдықтар.
Приборлар және құрал-саймандар.
1.Химиялық стакандар, колбалар, пробиркалар, түтіктер, шыны
таяқша лар, кристализатор.
2. Резинкалы түтікшелер, қақпақшалар.
3. Пробиркаға арналған штатив, металл штатив, металл тор, пробирка ұстағыш.
4.Қыздырғыш приборлар: спиртшамы, электрліжылытқыш.
5.Өлшегіш приборлар: термометр, таразы, сызғыш, компас, гномон,
транспортер.
6.Оптикалық приборлар: микроскоп, лупа.
7.Электр приборлар: Күн жүйесі моделі, теллур.
4.Техникалық оқу
құралдары
Әдістердің бұл тобына
оқытудың әр түрлі техникалық
құралдарын пайдалану (магнитофондағы жазбалар,
құстардың дауысы), радиохабарлар, экрандық - дыбыс
құралдары, телехабарлар, компъютерлік бағдарламалар жатады.
Қазіргі жағдайда компъютер
сияқты техникалық құралдарды пайдалануға басты
назар аударылуда. Олар оқушыларға бұрын оқулық
мәтінінен игерген көптеген мәліметтерді сапалы игеруге
мүмкіндік береді. Себебі, табиғи құбылыстарды
толық және нақты қабылдау үшін олардың тура
табиғи бейнесін көрсете алу керек. Ол үшін диафильмдер
және диапозитивтер, кинофильм және кинофрагменттер,
кодоскопқа арналған транспаранттар, видеофильмдер, кинокартиналар
даярланады. Бұларды көрсету үшін техникалық
жабдықтар кажет; слайдпроектор, кодоскоп, видеомагнитофон, теледидар, киноаппарат.
Бұл құралдар арқылы тіршілік, табиғат
құбылыстары туралы табиғи түрде нақты
көріністер көрсетіле алады. Сабақ арасында мазмұнына
сәйкес кірістірілген ертегі не болмаса әңгіме
техникалық құралдар арқылы жалғасып жатса
өте ұтымды болады. Кез келген табиғат көрінісін, зат
бейнесін, түрлі құбылысты бейнелеуге, суреттеуге тақта, түрлі түсті бор
көмегі де артық етпейді. Табиғаттың тірі денелерінің
және құбылыстардың дыбысын таспадағы үндері
арқылы естіргеннің нәтижесі әрине жоғары.
Сондықтан қазіргі сабақ үрдісіндегі талап:
техникалық құралдармен сабақ өтуді жетілдіру.
Интерактивті тақтамен жұмыс істеу бүгінгі күн талабы.
Лабораториялық сабақты жүргізу талаптары:
-Берілген тапсырма бойынша студенттерде сабақ
жоспары және мазмұнына сәйкес материалдарының
конспектісі болу;
-әдістемелік құралдармен жұмыс істеу;
-барлық студенттердің жеке тапсырмалары бойынша белсенді
қатысуын қамтамасыз ету.
Лабораториялық
сабақтың барысы:
Әр студент өздерінің
таңдаған тақырыбы бойынша сабақ жоспарын көрсету.
Сабақ мазмұнын әңгімелеу керек. Мазмұнына
сәйкес көрнекіліктер жүйесін жасау, техникалық
құралдардың орын анықтау. Оларды қолдану жолдары
және құрылысымен танысу. Әр студенттің жекелей
жұмыс жасауына мүмкіндік жасау. Әдістемелік көмек
көрсету.
Талдау тапсырмалары:
1-тапсырма.
Сабағыңда қандай техникалық құралдар
түрін пайдаланғанды жөн көріп отырсың? Жоспарын жасау керек.
2-тапсырма.
Көрнекіліктердің
тақырыптарға сәйкес кешенді жүйесін жасау.
Сабақты
қорытындылау:
Сабақ жоспарының дұрыс
құрылуы, мазмұнының мақсатына сай ашылуы,
көрнекіліктердің, техникалық құралдардың
таңдалуы, әзірлеу әдістері, жұмыстың
аяқталуы және студенттердің белсенділігі, көрнекі материалдарының
дұрыстығына орай бағаланады.
№14-лабораториялық
сабақ
Тақырыбы: Бағалауға қойылатын
критерийлер, оларды жүйелі түрде есепке алудың тиімділігі.
Мақсаты: Оқушы білім-білік, дағдысын
тексерудің әр түрлі жолдары (сөздік,
сызықтық диктанттар, сигналды карточкалар, кесте, мылқау
суреттер) және оларды пайдаланудың әдістері мен
тәсілдерін меңгереді.
Қажетті
көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: Дүниетану пәнінен мемлекеттік стандарт, дүниетану
пәніне арналған мектеп
бағдарламасы, дүниетану
оқулығы (1-4 сыныпқа арналған), әдістемелік
көмекші құралдар, сөздіктер. Сөздік,
сызықтық диктанттар,
сигналды карточкалар, кесте, мылқау
суреттер.
Лабораториялық сабақты өткізу әдісі мен формасы: Іздену, сарамандық,
шығармашылық жұмыстар, жеке жоспарларын талдау.
Сабақтың
теориялық мазмұны: Білім тексеруді дұрыс ұйымдастыру-мұғалімге
бүкіл кластың дүниетану түсініктері мен
ұғымдарының қалай қалыптасатынын үнемі
көріп, біліп, бағалап отыруына, ал оқушыларға оқу
материалдарын меңгеру процесінде олардың алға қарай
қалай жылжитындарын ұғынуға мүмкіндік береді.
Тексеру нәтижесінде балаларда білімнің обьективті бағасы
жинақталады, ал оның тәрбиелік маңызы зор.
Дүниетанудан білімді, іскерлікті және дағдыларды тексеруді
ұйымдастыруға қойылатын талаптар мына төмендегідей;
а) оқушылардың
білімін жеке тексеру, олардың әртүрлі даму деңгейін
ескертеді.
б) балалардың білімін
тексеруге ұқыпты түрде дайындалу.
в) нақты
сұрақтар әзірлеу.
Оқушыларға
ұсынылған сұрақтар ойды оятып, олардың
танымдық қабілетін дамытатын, ойлауға, талдай білуге,
жинақтап қорытындылап салыстыруға мәжбүр ететін
болуы қажет. Мысалы; дала мен шөл
өсімдіктерін салыстырып, олардың ұқсастық
және айырмашылық ерекшеліктерін атап көрсетіңдер;
Күзде ағаш жапырақтары неліктен түседі? - деген
сияқты ойландырарлықтай сұрақтар болуы шарт.
Мұғалім
оқушылардың білімін тексеруді әртүрлі тәсілмен
жүзеге асырады. Ауызша тексеруді жаппай әңгімелесу формасында
өткізуге болады, мұғалім сол кезде барлық
оқушыларға сұрақ береді. Мұндай кезде
мұғалімнің класпен тікелей байланысы пайда болады.
Оқушылардың бірінен сұраған кезде қалған
оқушылардың барлығы берілген жауапты мұқият
қадағалап, түзетіп, толықтырып отыруы тиіс. Жаппай
ауызша тексеру меңгерілген түсініктерді толық
анықтауға мүмкіндік бере алмайды, бірақ аз
уақыттың ішінде мұғалім оқытылған обьекті
немесе құбылыс туралы бүкіл кластың
қаншалықты дәрежеде меңгергенін, білімді бір
жүйеге келтіріп, қарапайым байланыстарды анықтай алады.
Сабақ соңынан бағаланады. Бұдан басқа жеке
сұрау әдісі, шағын жазбаша тексеру, кесте, схема толтыру арқылы
тексеру жүзеге асады.
Лабораториялық сабақты
жүргізу талаптары:
-Әр студент таңдаған
тақырыптарының мазмұны бойынша конспект даярлау, оның
толық болуын қадағалау;
-әдістемелік құралдармен жұмыс істеу;
-барлық студенттердің белсенді қатысуын қамтамасыз
ету.
Лабораториялық сабақтың
барысы: Бақылау
сұрақтары бойынша студенттердің теориялық білімдері
тексеріледі.
Орындалатын тапсырма.
1-тапсырма. Оқушылардың білім тексеруге
арналған сөздік,
сызықтық диктанттар даярлау
және оны қолдану қалай ұйымдастырылады?
2-тапсырма. Білімдерін тексеру үшін сигналды карточкалар, кестелердаярлау және оны қолдану
әдістемесі.
3-тапсырма. Білім тексеруге
арналған мылқау суреттер
даярлау және оны қолдану.
4-тапсырма. Кез келген тақырыпқа
проблемалық тапсырмалар даярлау.
Сабақты
қорытындылау:
Жоспарға сәйкес білім тексеруге
арналып даярлаған дидактикалық көрнекіліктері және
олардың дұрыс эстетикалық тұрғыда сапалы
құрылуы байланысты және студенттердің белсенділігі,
тапсырманың дұрыс орындалуына орай
бағаланады.
№15-лабораториялық
сабақ
Тақырыбы. Кіші комплектілі мектептетге арналған
бағдарламалар. Сабақ түрлері
Мақсаты: Шағын комплектілі мектептің
ерекшеліктері, оқу әдістемесін
дұрыс
ұйымдастыру талаптарын білдіру.
Қажетті
көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: Ашық сабақ үлгілері,
буклеттер, көркем-суреттер, түрлі әдістемелік
құралдар.
Лабораториялық сабақты өткізу әдісі мен формасы: Іздену, шығармашылық
жұмыстар, жеке жоспарларын талдау.
Сабақтың теориялық мазмұны: Шағын комплектілі мектептегі бірнеше
класпен өтетін біртұтас бір сабақтың өзі ішкі
құрылысы жағынан бірнеше бөліктерден тұрады.
Сабаққа дайындалар кезінде мұғалім сабақтың
мән мақсатын ғана ойлап қоймай оны терең зерттеп,
оның білімдік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарына
негізделген логикалық жүйесімен, әдістемелік
мақсаттылығын сақтайтын ерекшеліктерін, қасиеттерін
ойластыруы қажет.
Шағын комплектілі мектептің екінші бір
ерекшелігі - оқу процесіндегі мұғаліммен
оқушылардың өзара ынтымақтастығына байланысты.
Шағын комплектілі мектептің тағы
бір көңіл бөлетін ерекшелік - сабақтың әр
кезеңінде ұйымдастырылатын өзбетінше жұмыстардың логикалық
жүйесін органикалық байланыста құра білу.
Шағын комплектілі мектепте дүниетану
сабағын өту қарапайымнан күрделену принципін
мықтап сақтауды қажет етеді. Онда ең алдымен
күнтізбелік-тақырыптық жоспарды оңтайлы етіп
құрудан басталады. Күнтізбелік-тақырыптық
жоспарды мазмұны жағынан ұқсас тақырыптарды бір
күнге белгілеу, оны жүйелі түрде әр кластың
сабаққа қойылатын талаптарынан ауытқымай
ұйымдастыруға болады. Жаңа сабақ түсіндірілуін
бір мезгілде өткізуге немесе жоғары кластарға өз
бетінше дайындалатын тапсырмаларды беру негізінде өрбуі мүмкін.
Лабораториялық
сабақты жүргізу талаптары:
-Әр студент таңдаған
тақырыптарының мазмұны бойынша конспект даярлау, оның
толық болуын қадағалау;
-әдістемелік құралдармен жұмыс істеу;
-барлық студенттердің белсенді қатысуын қамтамасыз
ету.
Лабораториялық сабақтың
барысы: Бақылау
сұрақтары бойынша студенттердің теориялық білімдері
тексеріледі.
Орындалатын тапсырма:
1-тапсырма.
Шағын комплектілі мектепке арналған бағдарламаны талдау.
2-тапсырма. Дүниетану пәні бойынша КТЖ
түзу.
3 -тапсырма. Бір
сабақ жоспарын даярлау.
Қорытындылау.
Таңдаған тақырыптарының
жоспарының дұрыс құрылуы, мазмұнының
мақсатына сай ашылуына байланысты және студенттердің
белсенділігі, тапсырманың дұрыс орындалуына орай бағаланады.
Студенттердің жеке жобаларын талқылау.
Бақылау
сұрақтары
1. Ғылымның 1-тарихи даму кезеңіндегі еңбектер
және олардың құндылығы неде? (пікірталасқа
дайындық)
2. Сол еңбектердегі идеялардың қазір практикада
қаншалықты қолданыста?
3. В.М.Шимкевичтің бағдарламасының мазмұны
қандай?
4. Кеңестік кезеңге тән еңбектер ерекшеліктері
қандай, атап шық.
5. Қазақ мектептеріндегі дүниетану пәнінің
оқытылуы қандай дәрежеде болды?
6. Жаратылыстануды оқыту әдістемесінің дамуына үлес
қосқан қазақ
ағартушы ғалымдар.
7. Қазіргі таңдағы дамуы қай ғалымдардың есімімен байланысты?
8. 2- даму кезеңіндегі еңбектер және олардың
құндылығы неде ?
9. 3- даму кезеңіндегі еңбектер және олардың
құндылығы неде ?
10.Табиғаттың тылсым сырларын, көркемдігін
шығармаларына арқау еткен көрнекті ақындар мен
жазушылар еңбектерін талдау (Абай Құнанбаев, М.Дулатов т.б).
11. Қазақ ағартушы ғалымдардың
әдістемелік еңбектерінің құнды лығы неде?
12. Дүниетану оқулығы мазмұны қандай
бағытта өрбіген?
13. «Табиғат» блогы бойынша қандай білім беріледі?
14. «Адам» блогы бойынша қандай білім беріледі?
15 .«Қоғам» блогында қандай білім мен тәрбие
беріледі?
16. «Оқыта отырып тәрбиелеу» мазмұнын ашу керек.
17. «Дүниетану сабағы тәрбиенің қайнар
көзі» дәлелдеу керек.
18. Материалистік көзқарас дегенді қалай
түсінесің?
19. Материалистік көзқарас дегенді қалай
түсінесің? Философиялық тұрғыда түсіндіру
керек.
20 .В.А.Сухомлинский «эмоцианалдық - эстетикалық лепсіз
баланың толық қанды ақыл - ойының дамуы
мүмкін емес» - деген пікірін талқылау.
21. Ұғымдар жүйесі дегеніміз не?
22. Жеке ұғым дегеніміз не? Мысал келтір.
23. Жинақы ұғым дегеніміз не? Мысал келтір.
24. Жалпы ұғым мен жинақы ұғымның
қандай айырмашылығы бар?
25. Ұғым мен түсінік деген не?
26.Тану процесі дегеніміз не?
27. Табиғатты тану жолдары қандай? Мысал келтір.
28. Бақылау қалай ұйымдастырылады? Мысал келтір.
29. Экскурсия орындары қалай таңдалады?
30. Тәжірибе қалай жүргізіледі?
31. Модельдеу дегеніміз не?
32. Оқу үрдісінің түрлері?
33.Оқыту әдістері дегеніміз не?
34. Оқыту тәсілдерінің айырмашылығы қандай?
35. Мұғалімнің сөздік әдісіне дайындығы
қалай жүзеге асады?
36. Практикалық әдістердің ерекшелігі қандай?
37.Көрнекілік әдістерінің ерекшелігі қандай?
38. Бақылау әдісі қалай жүзеге асады және
қандай маңызы бар?
39. Сабақ жоспарының құрылымы.
40. Сөздік әдістің әдістемелік қандай
тәсілдермен үйлестіріледі?
41. Сабақ құрылымы дегеніміз не ?
42. Бастауыш сыныптарға сабақтың қандай типтері
тән?
43. Сабақтың мақсатын айқындап алу
қажеттілігі.
44. Сабақ жоспарын жасау принциптеріне не жатады?
45. Сабақ типтері және олардың ерекшеліктері
қандай?
46. Заттық сабақтар құрылымы қандай
және қалай ұйымдас тырылады?
47. Дүниетану пәніне тән ерекше сабақ типтері?
48. Дәстүрлі емес сабақ типтері және олардың
ерекшеліктері қандай?
49. Ғалым педагогтардың пікірлері қалай түсіндіреді?
Сен қалай ойлайсың?
50. Дәстүрлі емес сабақтың құрылымы
қандай болмақ?
51. Мұғалімнің сабаққа даярлануының
дидактикалық принциптері қандай?
52. Сабақ жоспары дегеніміз не?
53. Сабақ конспектісі қалай даярланады?
54. Сабақ талдау қалай жүргізіледі және мақсаты
не?
55. Сабақ типтері және олардың ерекшеліктері
қандай?
56. Дүниетану пәніне тән ерекше сабақ типтері?
57. В.А.Сухомлинскийдің сабақ жоспары туралы айтқан
цитатының мазмұнын қалай түсіндіруге болады?
58. Заттық сабақтар құрылымы қандай
және қалай ұйымдас- тырылады?
59. Пысықтау бөлімінің қажеттілігі қандай?
60. Білімді бағалау әдістері, оны дұрыс ұйымдастыру
әдістемесі.
61. Білімді тексеру әдістері қандай?
62. Материалдық базаға не жатады?
63.Материалдық базаның классификациясы.
64. Оның дүниетану сабағындағы ролі қандай?
65. Бейнелі көрнекіліктер түрлері қалай жіктеледі?
66. Табиғи көрнекілікке не жатады?
67. Тірі және өлі табиғи көрнекілік түрлерін
ата.
68. Оқу экраны дегеніміз не?
69. Техникалық құралдардың түрлері
қалай жіктеледі?
70. Сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстардың
түрлері қандай? Маңыз ын түсіндір.
71. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың
ұйымдастырылу жолдары қандай?
72. Үйірме жұмысының мақсаты не?
73. Табиғатты өздігінен танып-білудің бірден-бір негізгі
әдісі.
74. Бақылау қалай ұйымдастырылады?
75. Шағын комплектілі мектеп дегеніміз қандай?
76. Оқу үрдістерінің ұйымдастыру талаптарының
ерекшеліктері қандай?
77. Шағын комплектілі мектептегі дүниетану сабағы
қалай жүргізілуі тиіс?
Әр модуль бойынша СӨЖ тақырыбы және реті
Модуль 1
1.1. Оқу пәні ретінде негізгі
компоненттері
1.2.Д.Н.Кайгородов, В.В.Половцев еңбектері.
1.3. Кеңес дәуірі И.И. Полянскийдің әдістемелік
еңбектері.
1.4. Қазіргі кезеңдегі дамуы. П.П.Завитова,
З.А.Клепининаның жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесі
бағытындағы еңбектері.
1.5. ҚР-ның ғалым
әдіскерлері-Т.Мұсақұлов, Б.В.Мұқановтың
еңбектері
1.6. Дүниетану пәнінің мазмұны. Оқу
пәнінің мазмұнындағы негізгі принциптер:
жүйелілігі.
1.7. Оқулықтар
мазмұнын талдау (1-2 сыныптар)
1.8. Оқулықтар мазмұнын талдау (3- сынып)
1.9. Оқулықтар мазмұнын талдау (4- сынып)
1.10. Оқушыларды жан-жақты тәрбиелеудегі оқу пәнінің ролі.
1.11. Пәннің тәрбиелік мүмкіндіктері: еңбекке
тәрбиелеу.
1.12. Алғашқы ұғымдардың біртіндеп
ұғымдар жүйесіне ауысуын қалыптастыру.1- сынып
оқулығына қатысты
ұғымдар жүйесін түзу.
1.13. Алғашқы ұғымдардың біртіндеп
ұғымдар жүйесіне ауысуын қалыптастыру.2- сынып
оқулығына қатысты
ұғымдар жүйесін түзу.
1.14. Алғашқы ұғымдардың біртіндеп
ұғымдар жүйесіне ауысуын қалыптастыру.3- сынып
оқулығына қатысты
ұғымдар жүйесін түзу.
1.15. Алғашқы ұғымдардың біртіндеп
ұғымдар жүйесіне ауысуын қалыптастыру.4- сынып
оқулығына қатысты
ұғымдар жүйесін түзу.
1.16. Ғылымда қоршаған дүние сырын тану әдісі
1.17. Оқыту әдістерінің үйлесімділігі, оған
қойылатын талаптар.
1.18. Әдіс түрлері:
білім көзі, мұға лімнің оқытуы,
оқушының білімді қабылдауы.
1.19. Сөз әдісінің көптүрлілігі,
мәдениеттілігі.
1.20. Көрнекілік әдіс: табиғи көрнекіліктермен
жұмыс
1.21. Көрнекілік әдіс: жасанды
көрнекіліктермен жұмыс, оған қойылатын талаптар
1.22. Оқулықпен жұмысты ұйымдстыру әдістемесі
1.23. Төменгі класс оқушыларымен кітаппен, бақылау
күнделігімен, табиғат календарымен, қосымша
әдебиеттермен жұмыс істеуді ұйымдастыру
Модуль 2
2.24. Тақырыптық жоспар жасау (1 -сыныпқа).
2.25. Тақырыптық жоспар жасау (2 -сыныпқа).
2.26. Тақырыптық жоспар жасау (3 -сыныпқа).
2.27. Тақырыптық жоспар жасау (4 -сыныпқа).
2.30. Дәстүрлі емес сабақ түрлері: сайыс т.б. сабақ түрлері,
олардың маңызы, өткізу әдістемесі
2.31. Дүниетану пәнін оқытудың материалдық
базасының тізбесін құрастыру.
2.32. Тәжірибе алаңында
ұйымдастырылатын жұмыс түрлерінің, тапсырмалардың
жүйесін жасау
2.33. Оқу кабинетін (Жаратылыстану ғылымы бұрышын)
жабдықтау әдістемесі
2.34. Оқу экраны және пайдалану технологиясы
2.35. Өлі табиғи көрнекіліктер топтамасы және оны
қолдану технологиясы
2.36. Топпен ұйымдастырылатын 1 үйірме түрін
таңдап, жоспарын жасау
2.37. Жеке орындалатын 1 тақырыптық бақылаудың
жоспарын жасау
2.38. Бағалауға қойылатын қазіргі кездегі
критерийлер.
2.39. Оқушы білім-білігі, дағдысын мылқау суреттер
арқылы және т.б.әдістер арқылы тексеру.
2.40. Оқушы білім-білік, дағдысын бағалаудың
жолдары
2.41. Оқушы білімін жүйелі түрде есепке алудың
тиімділігі.
2.42. Үй жұмысын тексеру жолдары
2.43. Кіші комплекті мектептердегі өздік жұмыстарды
ұйымдастыру ерекшеліктері.
2.44. Кіші комплекті мектептердегі материалдық базаның ролі.
2.45. Қазіргі кездегі кіші комплекті мектептердің жағдайы
Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер
1. Аймағамбетова Қ.
Дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы. –Алматы:
Полигафия-сервис и К., 2006.-248 б.
2. Сихимбаева С.М. Дүниетану теориясы мен технологиясы. Оқу
құралы. -Шымкент: Нұрлы бейне, 2008.- 148 б.
3. Петросова Р.А., Голов В.П., Сивоглазов В.И. Методика обучения
естествознанию и экологическое воспитание в
начальной школе.- Издательский центр: Академия, 1999.-96с.
Қосымша әдебиеттер
4. Пакулова В.М., Кузнецова В.П. Методика преподавание природо- ведения.-
М.: Просвещение, 1990.-124с.
5. Кузнецов В.И. Уроки биологии 6-7 кл. -М.: Просвешение, 1999.-179с.
6. Аймағанбетова Қ. Аз комплектілі бастауыш мектептерде
табиғаттануды оқыту.- Алматы:
Мектеп,1983.-47 б.
7. Бинас А.В., Шам Р.Д. Биологический эксперимент в школе. -М.:
Просвещение, 1999.-52с.
8. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. -Алматы:
Баспа, 2000.-84 б.
9. Аймағанбетова Қ., З.Ф.Олейник. Дүниетануға
арналған үлестірмелі материалдар. –Алматы: Атамұра,
1999.-107б.
10. Сабыров Т. Болашақ мұғалімдердің
дидактикалық дайындығын жетілдіру. –Алматы: Кітап, 1999.-96б.
11. Минеева В.М. Внекласная работа по природоведению в начальных
классах.-Минск: Нар.Асвета, 1980.-142с.
12. Жүнісова К., Аймағанбетова Қ., Олейник З.Ф.
Дүниетануды оқыту әдістемесі.1-4 сынып. -Алматы:
Атамұра, 1998.- 72 б.
13. Жұмабаев М. Таңдамалы. -Алматы: Ғылым,1992. 238 б.
14. Алтынсарин Ы. Әңгімелер. -Алматы: Мектеп, 1980.-186 б.
15. Жұмабаев М. Педагогика. - Алматы: Мектеп,1989.-234б.
16. Жүнісова. К.Ж және т.б. Бағдарламалар.
Дүниетану 1-4 сыныптарға
арналған. –Алматы: РБК, 2003.-42б.
17. Жүнісова К., Рахметова С. және т.б., ҚР бастауыш
білімнің мемлекеттік стандарты., Алматы: РБК,1998.-336б.